Шымкенттегі индустриалды аймақта орналасқан «Наурыз пластик» өндіріс орны бүгінде балғындарға ойыншықтың түр-түрін ұсынып отыр.
Оның сапасы Қытай өнімдерінен жоғары. «Наурыз Пластик» ЖШС-нің бастығы Рабиға Байтемірова бастапқыда ойыншықтарды Қытай мен Ираннан тасымалдап, сатып жүрді. Уақыт өте «осы ойыншықтарды неге өз елімізде өндірмеске?!» деген ой да келеді де, кәсіпкерлікке бет бұрады.
«Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтар Шымкент қаласы мен еліміздің өзге өңірлерінде де сатылып жатыр. Пластмассасы — сапалы. Сондықтан, ойыншықтар бала денсаулығы үшін қауіпті емес деп сендіреді өндірушілер. Соңғы уақытта кең сұранысқа ие болған өнімдер халықаралық талаптарға сай бірнеше тексерулерден өтіп, экологиялық жағынан таза деп танылған
«Наурыз пластик» сауда белгісі жақында елордада өткен «Қазақстанның ұздік тауарлары – 2022» көрме-жәрмеңкесіне қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, желтоқсанның 7-де Астанада «Алтын сапа» марапатын иеленді. Отандық тауар өндірушілерді осы жеңістерімен құттықтаймыз.
Фото: baribar.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через