Бос уақыт

Бөлісу

Балаларға отандық фильмдер тегін көрсетіліп жатыр

  Балаларға отандық фильмдер тегін көрсетіліп жатыр

 Астанада балаларға отандық картиналар мен анимациялық фильмдер тегін көрсетіліп жатыр.

«Қазақфильм» АҚ, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ және Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Балалар жылы аясында «Жазғы кино» жобасын жүзеге асырып жатыр. Оның аясында еліміздің кез келген өңірінде тұратын балалар «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін кинокөрсетілімдерді тегін тамашалайды.

«Қазақконцерттің» баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жоба мақсаты – балаларды мәдени құндылықтармен таныстыру, олардың ішкі әлемін байыту.

Маусым айы басталғалы 4 мыңнан астам бала отандық үздік мультфильмдер мен көркем фильмдерді көріп үлгерді.

Көрерменге қазақстандық жаңа кинофильмдер мен анимациялық фильмдер ұсынылады.

Алдағы күндер аңдатпасы:

- 24 маусым күні сағат 15:00 және 19:00-де «Нартай» фильмі;

- 25 маусым күні сағат 12:00 және 18:00-де «Ұлы дала таңы» фильмі;

- 27 маусым күні сағат 12:00 және 19: 00-де «Паралимпиадашы» фильмі

Кинокөрсетілімге 8 708 888 19 91 телефоны бойынша жазылуға болады.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через