фото: pixabay.com
Ата-аналар баласына ораза ұстауға рұқсат берер алдында жеткіншектердің денсаулығына ерекше мән беруі керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
«Жалпы алғанда, баланың ағзасы тез өседі және күнделікті көп энергия жұмсайды. Сондықтан осы энергияны уақылы толықтырып отыруы керек. Атап айтқанда, әрбір ата-ана балаларының дамуына қатысты мәселені түсінуі керек. Баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы әрі теңгерімді тамақтануы өте маңызды деп есептеймін», - деді А. Әлназарова Парламентте өткен жиыннан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл ретте ол жасөспірімдердің денсаулығына ерекше қарау керек екенін айтты.
«Менің ойымша, баланың жас ерекшелігін назарға алу керек. Әр ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл өз отбасы ішіндегі жеке мәселесі екені түсінікті. Бірақ бала белгілі бір жасқа дейін дұрыс тамақтану керек деп санаймын. Менің ойымша, 16-17 жасқа дейін, яғни барлық органдарының толық қалыптасуына мән беру керек», - деді министр.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через