Өскеменде оқушы қыздың зорлық-зомбылық көргеніне қатысты Standard.kz порталына сайт қолданушыларынан көптеген хат келді. Олар бұл мәселенің қалай шешіліп жатқанын білгісі келеді. Сонымен қатар, Зорлық көрсеткен қыздың әкесі расында антикорда жұмыс істей ме? Осы оқиға қайталанса қайда хабарласуға болады? тағы басқа сұрақтар қойған еді.
Еске салсақ, жақында әлеуметтік желіде Өскемендегі "АДК" сауда үйінің дәретханасында бірнеше қыздың бір қызды соққыға жыққаны бейнеленген видео тарады. Оқиға наурыз айында болған. Оқушыны соққыға жыққан студенттер болып шықты. Артынша бұл бірінші рет емес, мектепте оқитын жасөспірімнің бұған дейін де бірнеше рет дәл осы қыздардан зәбір көргені белгілі болды.
Оқырмандар сауалына жауап қайтару үшін Standard.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, құқық қорғау органдарына арнайы сауал жолдады.
Оқу-ағарту министрлігінен ресми жауап келді. Хатта мемлекеттік мекемелердің өкілдерінен арнайы комиссия құрылғаны, аталған жағдай министрліктің жеке бақлауында екені жазылған.
"Оқиға бойынша Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында құрамына Оқу-ағарту министрлігінің, Білім басқармасының өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі А. А. Каленова кірген комиссия құрылды.
Осы факті бойынша құқық қорғау органдары тарапынан қылмыс белгілері бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінде «Бұзақылық» көзделген қылмыстық іс қозғалды.
Алғашқы күндерден бастап зардап шеккен балаға психологиялық көмек ұсынылды.
Аталған мәселе ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының жеке бақылауында".
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен жауап келді. Агенттік соққыға жыққан қыздың әкесі Антикорда жұмыс істемейтінін мәлімдепті.
Өскемен қаласында әжетханада студент қызды соққыға жыққан оқушының әкесі Антикорда жұмыс істейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Шакенов мәлімдеді.
Сәуір айының басында АДК сауда үйінің әжетханасында колледжде оқитын бойжеткен соққыға жығылған болатын. Кейін әлеуметтік желіде бойжеткенді ұрған оқушы қыздың әкесі Антикорда қызмет ететіні жайлы ақпарат тарай бастады.
«Әлеуметтік желілерде «АДК» сауда орталығында болған оқиғаға қатысушылар мен ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жұмыс істейтіндердің бірінің туыстығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Оқиғаға қатысқан адамдардың Антикор қызметкерлерімен ешқандай туыстық байланысы жоқ. Денис Шакенов.
ШҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Шамиль Джинлосанов тергеу барысы ерекше бақылауда екенін жеткізді. Ол барлық жағдай мен дерек мұқият тексерілетінін хабарлады.
Оқиғаға қатысы бар әрбір кәмелетке толмаған баланың мәртебесі олардың әрекеттері бойынша айқындалады, болашақта кінәлілерге қатысты процестік шешімдер қабылданады, - деді Шамиль Джинлосанов.
Әзірге қатысушылардың ешқайсысы есепке қойылмаған.
Өз кезегінде ШҚО Білім басқармасы қазір құқықтық тәрбие жұмысы күшейтіліп, білім ордалары ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ БҰЗЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА КІМГЕ ЖҮГІНУ КЕРЕК?
Баланың құқығы мен мүддесі бұзылған жағдайда-ата-аналар, балалар және басқа да тілек білдірушілер өз өңірлеріндегі уәкілдерден көмек сұрай алады. Олар баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны жөніндегі өтініштерді, жергілікті атқарушы органдар мен басқа ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды. Естеріңізге сала кетейік, олар облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімі бойынша тағайындалады. Әр өңірдегі уәкілдердің тізімін қатар беріп отырмыз.
Алматы қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Ажигулова Халида +7 777 205 55 82
Түркістан облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Вероцкая Гүлжан +7 778 200 03 13
Солтүстік Қазақстан облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Сұрағанова Сәуле +7 705 320 60 63
Шымкент қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Жазықбааева жанетта +7 701 203 41 84
Ұлытау облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Жаппасова Гүлмира +7 776 976 76 00
Жетісу облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Сисекенова Райхан +7 701 938 94 96
Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Бимендина Асима +7 708 166 94 93
Ақтөбе облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Аймағамбетов Еділ +7 707 892 33 86
Ақмола облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Асаинова Асем +7 705 519 36 15
Абай облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Жүнісова Эльмира +7 777 213 75 00
Қостанай облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Аманқұлова Арайлым +705 286 88 50
Шығыс Қазақстан облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Каленова Оксана +7 705 661 41 21
Жамбыл облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Бағжанов Дәурен +7 747 187 76 47
Алматы облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Есімбекова Айгүл +7 701 786 1849
Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі
Киселева Ирина +7 701 444 39 74
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын бұзуға байланысты барлық мәселелерді қараудың ашықтық пен жариялығын қамтамасыз етуге мүдделі.
Егер Сіз кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуы туралы белгілі болса, біздің сенім телефонына тікелей хабарласуыңызды (87172742528 немесе «bala qorgau» телеграмм-чат https://t.me/BALA_QORGAU_BOT) сұраймыз.
Қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету үшін "Қазақстанның болашағы үшін" қоғамдық бірлестігінің көмегімен тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі іске қосылды. 8-707-662-95-13.
Фото kazpravda.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через