фото: https://sputnik.kz
Балалар қандай дәріден кейін есірткіге тәуелді болады
Бүгінде кейбір дәрілерді балаларды есірткіге тәуелді ету үшін пайдаланады. Бұл туралы ішкі істер министрілігіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде дәріханаларда кейбір медициналық препараттарды рецептсіз сату фактілері тыйылмай тұр. Жақында ғана Нұр-Сұлтанда заң бұзған бірнеше дәріхананың жұмысы тоқтатылды.
Ал рецептсіз сатылатын кейбір дәрілер балалар есірткіге тәуелді қылады.
"Оны "дәріханалық нашақорлық" деп атайды. Оның басты қаупі сол, балалар сол арқылы есірткіге тәуелді болып қалады. "Тропикамид", "Цикломед" сияқты препараттар бар. Бұның барлығы құрамында есірткі бар дәрі-дәрмек болып саналады", - деді Әмірханов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері есірткіні сату және сақтау бойынша 2,5 мың адам жауапқа тартылды.
Олардың ішінде 2 055 – ер адам, 130 – әйел адам, сондай-ақ 15 шақты жасөспірім бар. Бұдан бөлек, рецептсіз дәрі сатқан 100-ден астам дәріхана қызметкері жауапқа тартылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через