фото: dentumclinic.ru
Педиатр-дәрігер қалай емдеу керектігін айтты.
Тек балада ғана емес, тісті қайрау немесе қышырлату ересектерде де кездесетін жағдай. Мұндай жағдай медицинада "бруксизм" деп аталады екен. Әдетте, халық арасында тісті қайрауға қатысты "диагноз" таралып кеткен. Оны көбіне "ішінде құрты бар" деп жатады. Мұның қате екенін және қалай емдеуге болатынын instagram желісінде танылған интегративті дәрігер-педиатр Айшолпан Рамазанқызы өз парақшасында жазды.
Дәрігердің айтуынша, тісті қайрау (қышырлату, қытырлату) ешқандай құрттың белгісі емес. Бұған басты себеп - балада стресті жағдайдың өтіп жатқандығын білдіретін көрінеді. Ал екінші бір себеп - баланың ағзасындағы магнийдің жетіспеушігілін білдіреді.
Айшолпан Рамазанқызы мұндай жағдайда не істеу керектігін де айтты.
Алдымен баланы стрестен шығаруда барынша көмек беріп, көбірек назар аудару қажет. Сондай-ақ баланы магний тұзына шомылдырып, оған магний препаратын беру керектігін ұсынды дәрігер.
"Ағзасында магний тапшылығы бар балалардың түнгі ұйқысы мазасыз, аяқтың қақсауы мен аяқтың ауырғаны жиі кездеседі. Балаларда бұлшықеттің, сүйектің өсуіне, стресті жағдайға түспеуіне ықпал ететін және ең пайдалы түрі - магнийдің циратты түрі", - дейді дәрігер.
Магнийді балаға қалай беру керек?
Ем курсы 2 ай.
Магний балаға ем мақсатында берілсе 10мг/кг салмаққа өлшеп дозалаймыз.
Магнийді баланың түнгі ұйқысы алдында береміз.
Егер профилактикалық мақсатта берілсе, 5-6 мг/ кг салмаққа өлшейміз.
Еcкерту! Магний цитрат формасы кей балаларда іш жүргізеді. Ішін өткізетін болса, магнидің басқа формасын тағайындайсыз: малат, глицинат, л-треонат (нейромаг) Магнийдің цитрат формасын ашқарынға ішпеген дұрыс. Асқазанның шырышты қабатын тітіркендіруі мүмкін. Магнийдің цитрат формасы асқазан ішек жолдарында жарасы бар балаларға бермеген дұрыс!
Ernur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через