фото: https://pixabay.com/ru/
Ежелден дана халқымыз «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп, орынсыз сөздің орға жығарын аңдатқан. Ашу үстінде аңдамай айтылған бір ауыз сөздің бала санасына қаншалықты ауыр соғатынын үлкендер байқамай жатады. Бала есейгенде бұрыс жолға басып немесе мінез-құлқында дөрекілік байқалса, қоршаған ортаға кінә артудан бұрын бала тәрбиесінде абайсызда жіберген қателік-кемшіліктерімізді санамалап көрдік пе осы?!
Ислам ғалымдары осы тақырып төңірегінде зерттеулер жүргізіп, бала болмысының бұзылуына себепкер он жайтты анықтаған, деп жазады islam.kz.
Сөгу. Хайуандарға теңей отырып баланы сөгу. Мәселен «ит», «есек», «өгіз», «ей», «хайуан» деп.
Қорлау. Теріс сипаттармен тілдеу. Мәселен «кәззап», «семіз», «ақсақ», «арам», «бейшара». Мұндай сөздер бұғанасы қатпаған баланың жүрегіне дақ салады.
Теңеу. Әр баланың басқаға ұқсамайтын өзінің бейімі мен қолынан келетін икемі болады. Ал, басқа біреумен теңеу – баланы кемсіту. Бала бойындағы өзіне деген сенімділікті жояды. Нәтижесінде, өзін теңеген адамдарды жек көре бастайды. Мысалы, "Өзіңдей көршінің баласына қарашы...» деген сияқты теңеулердің теріс әсе ететінін аңғара бермейтініміз өкінішті.
Шартпен жақсы көру. «Сен бұлай еткенің үшін мен сені жақсы көрмеймін», «Мынаны жесең, сені жақсы көремін», «Сабағыңды дұрыс оқысаң, жаттауыңды қайталасаң, сен жақсы көремін». Шарт қойып, жақсы көру баланы қалаусыз және еріксіз әрекет жасауға итермелейді. Өсе келе, бала өз ошағынан, отбасынан жырақтап қалады. Сондықтан, бала шынайылықты жақсы көреді. Өйткені, бала ата-анасын ешбір шартсыз сүйеді.
Жалған ақпарат. Баланы өтірік ақпараттар арқылы қорқытып немесе алдау қоршаған орта жайлы қате түсінік пен ұғым қалыптасуына себеп болады. «Жыласаң, милиция алып кетеді» деп қорқытып өсірген бала ұғымында милиция бейнесі жағымсыз болып қалыптасып қалуы әбден мүмкін. «Ер азамат жыламайды», «Мына бала мені жынды етті», «Менің бұған шамам келмейд», «Алла сенің жазаңды береді», «Тозаққа лақтырады», «Біреуге беріп жіберемін», «Бабай келеді немесе милиция ағай алып кетеді» тағы сол сияқты.
Көңілін қалдыру. Баланың меселін қайтарып, көңілін қалдыру – оның бойына сенімсіздік ұялатумен қатар, талпынысты жояды. «Сен дымды да түсінбейсің», «Үніңді өшір», «Сенен түк пайда жоқ» деген секілді сөздер.
Қорқыту. Мәселен, «Басыңды жарамын», «Қаныңды ішемін», «Сені соямын», тағы осы секілді сөздер.
Өтінішіне немқұрайлы қарау. Үнемі баланың сұрағанына «Жоқ, жоқ, жоқ» деп, себебін түсіндірмей жауап қайыру.
Қарғау. «Сені Құдай алсын», «Өлгенің жақсы еді», тағы сол сияқты.
Масқаралау. Баланың намысына тиетін сөздер айту.
https://turkystan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через