фото: https://sputnik.kz
Бала саудасымен айналысқан қазақстандық Оңтүстік Кореяда ұсталды
Ішкі істер министрлігі интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстік кореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.
Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
Оңтүстік Кореядан депортацияланғаннан соң Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через