фото: pixabay.com
2024 жылдың 11-сәуірінде Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады.
Заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады. Заң жобасы Президентке қол қоюға жіберілді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа заң жобасында қарастырылған жайттардың ішінде мына төмендегіше талаптар бар:
– Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағандарға жеңіл жаза тағайындауға тыйым салынады, тараптардың татуласуына мүмкіндік берілмейді;
– Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендерге шектеу жазасын тағайындауға тыйым салынады;
– Бала өлтіргендер, бала зорлығына қатысы барлар және балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткендерге өмірлік түрме жазасы енгізіледі;
– 16 жасқа толмағандарға жыныстық сипатта тиіскендерге жауапкершілік енгізіледі, Қылмыстық кодексте арнайы бап пайда болады.
– Бұдан бөлек, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, Қылмыстық кодекс жаңа қылмыс құрамымен толықтырылады.
Басқа да өзгерістер қарастырылған. Мысалы, кәмелетке толмағандарға буллинг жасағандар, 16 жастан аспаған балаларды қоғамдық көліктен түсіріп кеткендер әкімшілік жазаға тартылады. Заң баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрекет жасамаған ата-анаға немесе заңды өкілге де жауапкершілік жүктейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через