Бағаның өсу шыңы байқалады

Бағаның өсу шыңы байқалады

Бағаның өсу шыңы байқалады

Қазақстанда  бағаның  өсу  шыңы  байқалады. Қыркүйек  айының   басында ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру есебінен бағалар аздап төмендеген  болатын.  Қазір өнімдер 2021 жылдың басынан 9,9% - ға артты. Жыл басынан бері Қазақстанның бірде-бір өңірінде бағаның төмендеуі байқалмады. Олар екі есе, ал кейбір өңірлерде үш есе жылдамдықпен өсе бастады. Егер Ақмола облысында 2020 жылдың тамызына қарай баға 3,2% - ға өссе, 2021 жылдың тамызына қарай баға 10,7% - ға өсті. Алматыда бағаның өсуі 2020 жылғы тамызда 2,2%, ал 2021 жылғы тамызда 9,5% құрады. Ақтөбе облысында 2020 жылдың жазының соңында бағаның өсу көрсеткіші 3,7%, ал 2021 жылдың тамызында – 11,1% болды.

Азық-түлік бағасының өсуін қала халқының тұтынуынан 30% көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын "белсенді" сатып алу арқылы тежеу жоспарлануда....