Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан Қазыбек би 1665 жылы Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. Оның әкесі — Келдібек би. Қазыбек туғанда оның анасы Тоқмейіл былай депті:
«Айналып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің».
Бір орында байыз тауып отыра алмайтын баладан белгілі шешен, ұлы би шығады деп кім ойлаған... Қазыбек бидің пікіріне хандар, беделді сұлтандар-да құлақ асқан. Қазақ халқы оны Қаз дауысты Қазыбек би деп атап кеткен.
Дала данышпаны, қазақтың кемеңгер биі Қаз дауысты Қазыбек бабаның шешендік сөздері.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через