Мемлекет

Азия Даму Банкі "Алматы-Ыстықкөл" тас жолын салу жобасын қолдайды

  Азия Даму Банкі "Алматы-Ыстықкөл" тас жолын салу жобасын қолдайды

Азия Даму Банкі "Алматы-Ыстықкөл" тас жолын салу жобасын қолдайды

Бұл туралы 13 қарашада  Қырғызстан Республикасы  Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Азиз Аалиев пен АДБ-ның Қырғызстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Лао-Арая Канопканның кездесуі кезінде белгілі болды. ҚР Министрлер кабинетінің ресми сайтында хабарланғандай, келіссөздер барысында осы жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде ілгерілету мәселесі қаралды, сондай-ақ оны іске асырудың техникалық, қаржылық, экономикалық және басқа да аспектілері талқыланды.

Өз сөзінде Азиз Аалиев осы жобаны іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, АДБ өкілдеріне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. "Жоба елдің туристік, көліктік және сауда әлеуетіне оң әсерін тигізері сөзсіз. Министрлер Кабинеті оны жүзеге асыруға жан – жақты көмек көрсетеді", - деп сендірді шенеунік, тиісті мемлекеттік органдарға жобаны тез арада іске қосу үшін қажетті жұмыс жүргізуді тапсырды.

Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінде Алматы қаласы (Қазақстан) мен Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысын жалғайтын балама  жол   жүру уақыты мен құнын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл өзара сапарлар жиілігінің артуына алып келеді. Қырғызстан билігінің ойынша, жаңа автожол "туристік ағымның ұлғаюына және инвестицияларды ынталандыруға алып келуі мүмкін болғандықтан, өңірлік экономикалық даму құралына айналуға тиіс".

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан мен Қазақстан алғаш рет "Алматы – Шолпан-Ата" тас жолының құрылысы туралы 2015 жылы келіскен болатын. Ол кезде жолдың аяқталуымен екі қала арасындағы қашықтық бар болғаны 250 шақырым болады, яғни қазақстандықтар Ыстықкөл көліне 2,5 сағатта жете алады деп айтылған болатын.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру