Жалпыға бірдей декларация шеңберінде 10 000 АЕК мөлшерінен асатын қолма-қол ақша банктік шоттарға орналастырылуы тиіс.
Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі басталады. Алматының өзінде 100 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер мен олардың жұбайлары активтері мен міндеттемелері жайлы декларация ұсынуы керек.
"Бастапқы декларацияда Қазақстаннан тыс жерлердегі актив пен мүліктен басқа, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі, инвестициялық алтын, бағалы қағаздар және т.б. Сондай-ақ АЕК-тің 10 000 еселенген шегінен аспайтын қолма-қол ақша да көрсетіледі. Бүгінде бұл 30 млн 630 мың теңгені құрап отыр. Бұл ретте артық сома 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін банк шоттарына орналастырылуы тиіс", - деп атап өтті кірістер департаменті.
Декларацияны eSalyq Azamat мобильді қосымшасы, egov.kz электронды үкімет порталы, сондай-ақ cabinet.salyk.kz салық төлеуші кабинеті арқылы тапсыруға болады.
Салықтар туралы толық ақпаратты 1414 телефоны арқылы немесе mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан білуге болады.
Еске салайық, Қазақстанда кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылы басталды.
Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары кіріс туралы ақпаратты тапсырады.
Екінші кезеңде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазыналық кәсіпорындардың (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт) қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырады.
Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары кіріс туралы ақпаратты тапсырады.
Жалпыға бірдей декларацияны енгізу кезінде жеке тұлғалардың декларациясын кім тапсыруы керек?
Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
Кәмелетке толмағандар – тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, оларда тіркелген мүлік, банк шотындағы ақша сомасы, дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек болған кезде;
Шетелдіктер – Қазақстан аумағында мүлік немесе тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болған жағдайда тапсырады.
Декларацияларды тапсыру мерзімдері
Декларацияларды тапсырудың 2 мерзімі бар:
15 шілдеден кешіктірмей – қағаз жүзінде;
15 қыркүйектен кешіктірмей – электронды түрде.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через