Автожүргізуші фотокамераны алдай ала ма?

Автожүргізуші фотокамераны алдай ала ма?

Кейбір көлікжүргізушілер «көшедегі фотокамераға түсіп қалмас үшін не істеу керек?» деп көптен бері бас қатырып жүр. Сондықтан болар, нөмірдің үстіне қорғаныс пленкасын жапсыру, автомобильдің сол бұрышына мемлекеттік нөмірді бекіту, нөмірдегі сандар мен әріптерді өзгерту секілді түрлі амалдарға барып жатыр.

Ең дұрысы, ережені бұзбай, сақтықпен жүру емес пе?

Алайда автомобилистер арасында мынадай әңгіме бар. Егер ымырт түскенде немесе түнде камераның алдынан жылдам жүріп өтсең, көліктің нөмір белгісі камераға түспей қалады екен. Солайы солай. Әрбір техниканың мүмкіндігі шектеулі. Бұл камераға да қатысты.   Сарапшылардың сөзіне құлақ түрсек, заманауи фотовидеофиксация жабдықтары сағатына 350 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүріп өткен көліктердің мемлекеттік-тіркеу белгілерін тани алады. Егер жүргізуші жылдамдықты бұл көрсеткіштен асырса, онда камера оның көлігін тіркей алмайды. Бірақ камераға түспеймін деп көлігін сағатына 350

Өзінің және өзге азаматтардың өміріне қауіп төндірген дұрыс па?

    Көшеде орнатылған камераның кесірінен жол ережесін бұзбауға, айыппұл арқаламауға қарапайым навигатор көмектесетінін есіңізде сақтаңыз. Күнделікті жүріп өтетін жолыңыз болса да, навигаторға бағытыңызды алдын ала енгізіп қойыңыз. Сонда барлық шектеулер, камералар, тіпті жол-көлік апатына қатысты ақпараттар сізге дер кезінде жеткізіледі.

Біз өз тарапымыздан жолда жүргенде «абай болыңыз» дейміз!

 

Фото: rt-online.ruvgorodeperm.ru