Ендігі уақытта көлік жүргізушілері сапарын жаңа мобильді қосымшаның көмегімен жүзеге асыра алады.
Автожолаушылар «Sapar» мобильді қосымшасын республикалық маңызы бар жолдарда қолдана алады. Қосымша онлайн және офлайн режимде жұмыс істейді.
«Көлік жүргізушілері республикалық маңызы бар жолдармен жүргенде біздің қосымшаны қолдануына болады. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының функциялары бар. Сонымен қатар автожүргізушілер жол-жөнекей оқыс оқиғаға тап болған жағдайда «Sapar» мобильді қосымшасы арқылы бізге хабарлай алады. Яғни болған жайттың мән-жайын жазып, сурет немесе видеоға түсіріп бізге жібереді. Қосымшаның көмегімен қажетті бағытты таңдаған соң, ол жолдың ұзындығы, жол бойындағы ақылы учаскелер, жанар-жағармай құю бекеттері, дәмхана және қонақүйлер туралы ақпарат қолжетімді болады. Одан бөлек, қосымшада ауа райына қатысты мәлімет пен ескертулер ұсынылады»,- деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының сарапшысы Александр Озарчук елордада өтіп жатқан «Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесінің ашылуында.
«Sapar» мобильді қосымшасы әзірге Android қолданушылары үшін ғана қолжетімді. AppStore-да қолданушылары үшін Apple компаниясымен келісім жасалып жатыр.
Мобильді қосымшаны пайдаланар алдында тіркеуден өту қажет. Яғни қолданушының аты-жөні, ұялы телефоны, поштасы, сол секілді ақылы жолда автоматты түрде төлем жасау үшін көлік туралы мәліметтерді көрсету керек.
«Республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және «Sapar» мобильдік қосымшасы арқылы кері байланысты жақсарту мақсатында «1403» (сонымен қатар онлайн-чат) және «11»2 қысқа нөмірі бойынша «Қазавтожол»-дың call-орталығына хабарласу мүмкіндігі қарастырылған», - дейді А. Озарчук.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото zhaikpress.kz. discover24.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через