Ауылды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді

Ауылды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді

1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленуі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды.

Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұлттық жобаның көрсеткіштері мен іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

«Екіншіден, Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, 1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлесін. Үшіншіден, облыстардың әкімдіктері ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдауды, орналастыруды және қолдауды қамтамасыз етсін», - деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, елімізде өңірлер арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба іске асырылып жатыр.

Фото: tatcool.livejournal.com