Әуезовтің мерейтойына орай "Қилы заман" повесі бойынша телехикая түсіріледі

Әуезовтің мерейтойына орай "Қилы заман" повесі бойынша телехикая түсіріледі
фото: https://sputnik.kz

Әуезовтің мерейтойына орай "Қилы заман" повесі бойынша телехикая түсіріледі

Жазушының мерейтойын тойлауға қатысты республикалық жоспарға сәйкес биыл 4 бағыт бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылады

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын тойлауға дайындық мәселелері қаралды.

Жазушының мерейтойын тойлауға қатысты республикалық жоспарға сәйкес биыл 4 бағыт бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылады. Оның ішінде, Әуезовтің әдеби-мемориалдық үй-мұражайы ғимаратына ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, Шолпан-Атада жазушының бюсті орнатылады.

Мектеп оқушыларына арналған "Әуезовтану " бейнедәрістер циклы әзірленіп, әдеби подкасттар жасалады. Халықаралық театр фестивалі өткізіліп, "Ақан-Зайра" трагедиясы алғаш рет сахналанады.

"Сондай-ақ "Қилы заман" повесі бойынша телехикая түсіру қолға алынбақ. Шетел архивтерінде Мұхтар Әуезовке қатысты құжаттар зерделеніп, тың материалдар іздестіру қарастырылған. Жоспардан тыс өңірлік деңгейде 500-ден аса мерекелік шара өткізу көзделіп отыр", - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан ақпаратта.

Мәтіндегі ақпарат туралы