фото: shutterstock
Әуежай қызметкерлері барлық жолаушыларды жіті тексеруі міндет. Ал адам білместіктен бір ережені бұзып қойса, тексеріс ұзаққа созылуы ықтимал. Кейде бұл жүйкеге артық салмақ болып түседі.
Осыған қатысты "Рамблер" тексерісті жеңілдету жолдарын жазыпты.
Өзіңізбен ірімшік тасымаңыз
Жақсы демалыстан кейін адамдар үйіне тек базарлық қана емес, дәмді бірдеңе де алып қайтқысы келеді, мәселен хош иісті ірімшік. Алайда ірімшік пен ет сияқты органикалық өнімдер қызметкерлер қарап отыратын экранда сары түспен көрсетіледі де, артық сұрақтар тудырады.
Жүкті ертерек өлшеп алыңыз
Жүкті үйде немесе әуежайдың тіркелу аумағында орналасқан таразыда өлшеп алыңыз. Жүгіңіз артық болып кетіп жатса, сөмкелердің ішіндегіні тең етіп бөлуге немесе керегі жоқ затты тастауға болады. Әйтпегенде артық ақша төлеуге тура келеді.
Өз келбетіңізге мән беріңіз
Аяқ киімде бау, биік өкше болмағаны абзал, керек жағдайда жылдам шеше алу үшін. Үстіңізге де қарапайымдау киім киген жөн: қалтасы аздау және темір-терсексіз. Өйткені металл тексеріс кезінде қатты дыбыс шығарады. Сағат пен шашқа арналған темір бұйымдарды алдын ала шешіп қойған дұрыс.
Ұсақ заттарды қалта немесе кішкене сөмкеге жинап қойыңыз
Кілт пен телефонды қалта немесе иыққа аса салатын кішкене сөмкеге салыңыз. Оларды тексеріс кезінде жылдам алып шығып, көрсетіп, тексерістен өткеннен кейін жылдам қайтып аласыз. Осылайша, ұсақ-түйекті жоғалтып жүрмейсіз.
Дереккөз tengritravel.kz. Фото shutterstock.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через