Әуежайда тексеру кезінде не істемеу керек?

Әуежайда тексеру кезінде не істемеу керек?

Кез келген әуежайда жолаушылар қатаң сақтауы тиіс ережелер бар. Мысалы, билетінсіз сізді ұшу алдындағы аймаққа өткізбейді. Багажды тіркеу орнына өткізіп, ұшақ бортына небәрі 100 грамнан аспайтын құтыға сұйықтық алып өтуге болады. Алайда мұнымен "істемеу керек" тізімі шектелмейді.

Әзіл-оспақ

Тексеру қызметінің тұнжыраған маманының көңілін көтеру үшін әзілдесудің соңы жақсылыққа апармауы мүмкін. Мысалы, суық қаруды үйіңізде ұмытып кеткеніңіз туралы айтар болсаңыз, тиянақты тінтуге ұшырап, тіпті полиция қызметкерлеріне жауап беруіңіз мүмкін. Әуежай қызметкерлері белгіленген нұсқаулық бойынша жұмыс істейді, сол себепті олар сіздің әзіл айтып тұрғаныңызды пысқырмауы мүмкін. Әсіресе бұл АҚШ, Канада және Еуропаның бірнеше елдерінде қатаң сақталады.

Бейтарап тақырыптарға да әзілдеудің қажеті жоқ. Сол себепті түсініспеушілік туындамас үшін барынша салқынқанды болыңыз.

Қолжүгін пленкамен орауға тыйым салынған

Мұндай күдікті багажды бірден тексереді, олар тіпті құрылғы арқылы қауіпті затты көрмесе де сізді әбігерге салады. Сіздің мұндай қадамға неліктен барғаныңызды ешкім білмейді, бәлкім сіз бортқа қауіпті зат алып кіру үшін әдейі ештеңе көрсетпеу үшін арнайы материал қолдануыңыз мүмкін ғой.

Тексеру қызметінің мамандарымен дауласпаңыз

Қауіпсіздік саласының қажетсіз тексеру ережелерін айтып, налымаңыз. Олар үшін бұл белгі: бейадекват жолаушы, дереу шара қолдану қажет. Ал шара түрлі болуы мүмкін.

Кеденшілердің сұрағын жауапсыз қалдырмаңыз

Олардың сұрақтары не әрекеті ақылға қонымсыз болса да жауап беріңіз. Үнсіз қалсаңыз - бақылау алаңында тұрып қаласыз не болмаса мүлде өте алмауыңыз мүмкін. Сізді күдікті ретінде қабылдап, қосымша тексеруге жібереді.

Кеденшілермен достасқыңыз келсе де - бұл әрекетіңіз олар үшін түсініксіз болады. Ол сіздің жымиғаныңызды елемеуі мүмкін, алайда сөзге айналдырғысы келіп тұр деп ойлауы ықтимал. Ары қарай не болатынын өзіңіз де білесіз.

Роликтер мен самокаттарға тыйым салынады

Роликтер, самокаттар, лонгбордтар, сегвейлер, велосипедтер және басқа да қозғалыс құралдары әуежай аумағында тыйым салынған. Қолға алып жүруге болады, мінуге тыйым салынады. Мұны балаларыңызға да ескертіңіз!

Шуламаңыз

Музыканың дыбысын қатты қою немесе видеоны құлаққабынсыз көруге тыйым салынады. Кейде мұны жолаушылар елемей жатады, осылайша басқаларға кедергі келтіреді. Ережеге бағынбаған адамға басқа жолаушылар әуежай қызметкерлеріне шағымдануы мүмкін, осы әрекетіңіз үшін ескерту алуға да болады.

Әуежай қызметкерлерін суретке түсіруге тыйым салынады

Көптеген елдің әужайларында "суретке түсіруге тыйым салынады" деген ескертулер тұрады. Әсіресе кеденшілер мен тексеру кезінде әуеайлаңы мамандарын суретке түсіруге не бірге суретке түсуге талпынбаңыз. Мұның соңы жақсылыққа әкелмесі анық.

Дереккөз Tengritravel.kz. Фото travel-dom.rutrn-news.ruliveandletsfly.com