фото: bangkokbook.ru
Таиландтық Bangkok Airways әуекомпаниясы ұшаққа отырғызу алдында жолаушылардың қол жүгімен бірге салмағын өлшей бастады.
Bangkok Airways қыркүйектің 15-нен қазанның 31-не дейін өз клиенттерінің орташа салмағы туралы мәліметтерді жинайды. Мұндай дерек ұшақтың әуеге көтерілетін кезінде максималды массадан аспайтынын дәлелдеу үшін қажет екен.
Әуекомпания өкілдері зерттеудің қауіпсіздік үшін жасалынып жатқанын айтқан.
"Біз мәліметтердің құпия түрде сақталалатынын және тек жолаушылар мен оның жүгінің салмағын білу мақсатында пайдаланылады", - делінген тасымалдаушы компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дереккөз tengritravel.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через