Былтыр әуе рейстерінің үздіксіз қатынауы 76% ғана орындалған.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш көңіл көншітпейді. Бұны азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары мойындады. Тимур Тілегеновтің айтуынша, рейстердің кешігуін азайту мақсатында тиісті заңнамаға өзгерту енгізілген.
Ескі заңнамаға сәйкес, әуе рейсі 10 сағатқа кешіктірілген жағдайда әуе компаниясы билет құны толық қайтаруға тиіс еді. Осындай жағдайларды болдырмас үшін біз заңнамаға өзгерту енгізуді ұсындық. Заң былтырғы жылдың аяғында қабылданды. Егер кешігу уақыты 5 сағаттан асатын болса, онда билет құны толық қайтарылуы тиіс. Тимур Тілегенов, Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбарасы.
Былтыр қазақстандық жолаушылардың әуе тасымалы 17% артты. Яғни, тәуелсіздік жылдарында тұңғыш рет әуемен қатынаған жолаушы саны 11 млн-ға жеткен.
Бүгінде 3 отандық және 27 шетелдік компания әуе тасымалын жүзеге асырып жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстаннан Қытай мен Өзбекстанға ұшу рейсінің санын арттырмақ. Сондай-ақ, Израиль, Қатар, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Тәжікстан мен Пәкістанға рейс ашпақ.
Дереккөз 24.kz. Фото: tengrinews.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через