Атыраудың жігіттері Африканың ауылына құдық сыйлады

Атыраудың жігіттері Африканың ауылына құдық сыйлады
фото: sputnik.kz

© Pixabay / Gypzy

Атырау облысындағы Мақат ауданында тұратын жас жігіттер Камерун ауылына құдықтың құрылысын төлеп берді.

Бұған дейін мақаттықтар Камерундағы жетім балаларға ауызашар жасап берген. Бірақ осы іспен шектелген жоқ. Рамазан айы аяқталмай жатып, арнайы есепшот ашты. Соған Африканы қолдауға ақша жинай бастаған. Есепшотқа 500 мың теңге түсті. Бұл ақша Африкадағы қуаң жерлердің бірінде құдық қазып беруге жетті.

Құрылыс жұмыстары 4 сәуірде басталған болатын. Ал 4 мамырда құдықты салтанатты түрде ашу рәсімі өтті.

Қазақпарат