Атырауда «Сергек» бейнебақылау камералары арқылы 550 млн теңге айыппұл салынған. Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Мәжитовтың мәліметінше, Атырау қаласында былтырғы 10 қыркүйекте «Сергектің» 2 748 камерасы іске қосылған. Оның ішінде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейтін 1 224 камера бар. Атырауда «Сергек» жүйесіндегі бейнебақылау камералары іске қосылғаннан бері 61 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркеліп отыр. Құқық бұзушыларға салынған айыппұл көлемі 550 млн теңгені құрады. Оның ішінде айыппұлға келіспеуге қатысты 492 өтініш берілді. Өтініштерді зерделеу нәтижесінде 477 хаттаманың күші жойылды» -дейді Руслан Мәжитов. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 12 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген әйел ұсталған еді.
inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через