Атырауда өз отбасының шырқын бұзған 34 адам қамауға алынды

Атырауда өз отбасының шырқын бұзған 34 адам қамауға алынды
фото: sputnik.kz

Атырауда отбасында ойран салған 34 адам әкімшілік қамауға алынды.

Жыл басынан бері Атырауда отбасындағы жанжалды айтып, полициядан 4 мыңнан астам адам көмек сұраған.

"Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша "102" арнасына 4 097 хабарлама келіп түскен. ҚР ӘҚБтК-нің 73- бабы "Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бойынша 1 198 адам жауапкершілікке тартылды. Қорғау нұсқамасы 1365 құқық бұзушыға шығарылды", - дейді ведомство.

Жанжал шығарғыш 334 адамға ерекше талап қойылған.

"ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы, яғни қорғау нұсқамасын бұзған 96 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта отбасының шырқын бұзған 34 адам қамауда отыр", - дейді полиция.

Қазақпарат