фото: Aikyn.kz
Табиғи сусабынның ерекшелігі сол, оның құрамында сульфат, хлорид сияқты зиянды химикаттар жоқ.
Оқушылар эко-сусабынды JasSpace кеңістігінде өткен «Мәңгі тірі су» жазғы қарқынды курсында жасап шығарған.
«Біз өнімге Eco-way деген атау бердік. Эко-сусабынды достарым Аружан Абдулгазиева, Бибінұр Ғабдыжанмен бірлесіп жасадық. Әмбебап сусабын құрамында табиғи қоспалар және органикалық заттар бар. Біздің сусабын шашты нәрлендіреді, қайызғақтан тазартады. Өзіміз жасап шығарған сусабынды өзім қолданып жүрмін», – дейді жас ғалым Уалитхан Батырбаев.
«Мәңгі тірі су» жазғы қарқынды курсының тренері Әсел Оңдашеваның айтуынша, оқушылар жасап шығарған эко-сусабынды кішкентай балаларға да қолдануға болады.
«Қазіргі сусабындарда көп кездесетін сульфаттар көп жағдайда аллергия туғызып, шаштың түсуіне әкелуі мүмкін. Оқушылар жасап шығарған сусабын органикалық заттардан тұратындықтан, ол қауіпсіз. Көзді жасауратпайды. Сондықтан оны кішкентай сәбилерге де қолдануға болады. Бұл жобаны жетілдіру жоспарда бар», – дейді тренер Әсел Оңдашева.
Еске сала кетейік, 7-11-сынып оқушыларына STEAM бағытта білім беруге арналған JasSpace бағдарламасын Орталық Азияның Еуразия қоры жүзеге асырып отыр. Баян Жанұзақова
Aikyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через