Атырауда мейрамхана мен көліктен бекіре тәркіленді

Атырауда мейрамхана мен көліктен бекіре тәркіленді
фото: sputnik.kz

Атырауда мейрамхана мен көліктен бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді, деп хабарлады Ақ Жайық.

Атырау облысында биылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында "Бекіре" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара барысында Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында орналасқан мейрамхананың тоңазытқышын тексергенде жалпы салмағы 73 кг құрайтын бекіре тұқымдас балықтарды тәркіледі. Сонымен қатар 1995 жылы туған қала тұрғынының автокөлігін тексергенде жалпы салмағы 121 келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықтар тәркіледі.

Тергеу жүріп жатыр, тәркіленген балық "Жайық Бекіре өсіру" зауытына тапсырылды.

Қазақпарат