фото: ашық дереккөздерден
Атырауда мас ер адам өз үйін жармақ болған. Тексеру кезінде сот қаулысымен оған 1 жыл мерзімге ерекше талап орнату белгіленгені анықталды.
Тәртіп сақшыларына 15 қарашада түнгі сағат 22:09-да шақырту түскен, деп хабарлады Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Атырау қаласының тұрғыны №1 қалалық полиция бөліміне Азаттық даңғылындағы тұрғын үй пәтерінің бірінде отбасылық жанжал жөнінде хабар берген. Тексеру барысында 1979 жылғы ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық білдірген. Сол кезде ол мас күйде болған. Пәтерінің есігін ішінен құлыптап, газ жіберіп, үйді жарып жіберетінін айтқан. Оның 48 жастағы әйелі мен баласы үйден шығып кеткен. Оқиға орнына «АтырауГазАймақ» АҚ-ның, төтенше жағдайлар департаментінің және жедел-жәрдем бригадасының қызметкерлері шақырылды. Мас ер адам полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай, пәтердің терезесінен шатырға қашып шыққан. Ол сол жерден ұсталды, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жжинақталған іс құжаттары сотқа жолданды.
Белгілі болғандай, 1979 жылғы азаматқа қатысты биылғы 5 қарашада сот қаулысымен 1 жыл мерзімге ерекше талап белгілеу тағайындалған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через