фото: polisia.kz
Атыраулық полицейлер шетелдікті қамауда ұстап, ақша бопсалағандарды құрықтады.
15 желтоқсан күні Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады.
«Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік азаматты ұрып-соғып, 1 100 000 теңге бопсалап, банк есепшоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген», – делінген хабарламада.
Күдіктілер 36 және 32 жастағы Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через