Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған. «Жайық өзенінен су тұтынуды пайдалануды азайту үшін сумен жабдықтаудың жерасты көздеріне кезең-кезеңімен көшу туралы шешім қабылданды.
Батыс Қазақстан облысында су тапшылығын болдырмау және халықты тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында биыл тәулігіне 1000 текше метр төмен көлеммен 16 ұңғыманы қалпына келтіру жұмысы жүргізілді» делінген Роман Склярдың жауабында.
Сонымен қатар вице-премьер 2015-2021 жылдар аралығында 224 елді мекеннің жерасты су қоры барланып, 13 кен орнына қайта бағалау жұмысы жүргізілгенін айтады. «Бұл ретте 2022-2024 жылдар аралығында елді мекендерді жерасты суымен қамтамасыз ету үшін 7 кен орнының қорын қайта бағалау жұмысы жоспарланған. Сондай-ақ, Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Шығыс Тайсойған жер асты су қорынан су алу үшін қосымша іздестіру-барлау жұмысын жүргізу көзделіп отыр», - дейді Роман Скляр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через