фото: sputnik.kz
Әлеуметтік желілерде Атырау облысында қырылған ақбөкендердің бейнежазбасы тарады. Бұған қатысты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде түсініктеме берді.
"Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылдық округінің Қалмақты кентінде 38 ақбөкеннің ұшасын табу фактісі бойынша материалдар 2024 жылғы 26 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі бойынша Махамбет ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", - делінген комитет хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 338 бабы "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына заңсыз қарау" бойынша заңды бұзғандар ірі көлемде айыппұл төлейді.
Атырау облысының аумағында ақбөкендердің санын реттеу жөніндегі іс-шаралар ақбөкендер мен оның дериваттарын реттеу тетігі бойынша бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес 2024 жылғы 16 қаңтарда басталды. Бұл жұмыс "Охотзоопром" инспекторлары жүргізеді.
Бекітілген алгоритмге сәйкес ақбөкендердің ұшалары міндетті түрде ветеринариялық бақылау үшін ет комбинаттарына жіберіледі, ветеринарлар ұшаларды тексеріп, ветеринариялық анықтама береді.
Ақбөкендердің мүйізі "Охотзоопром бойынша" дериваттарын есепке алуға жауапты қызметкердің және орман шаруашылығының аумақтық инспекцияларының мемлекеттік инспекторларының бақылауымен белгіленген талаптарды сақтай отырып бөлінеді және таңбаланып, "Охотзоопромға" сақтауға беріледі.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через