Атырау облысында қайтыс болғандардың атына ақша аударылған

Атырау облысында қайтыс болғандардың атына ақша аударылған
фото: sputnik.kz

Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын бұзылған, деп хапбарлайды облыстық прокуратура.

Прокурорлар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын бұзылған 100-ден астам фактіні анықтады.

"Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау шараларымен Атырау қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіліп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін көтерілді. Мүгедектігі бар үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды, оларға қосымша демалыс күндері қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жеке көмекшілердің қызметіне тиісті бақылау жүргізілмеген.

"Жеке көмекшілердің 69-ы басқа ұйымдарда жұмыс істеген және қайтыс болған 30 тұлғаға бюджет қаражаты заңсыз аударылған. Бұнымен қоса мүгедектердің қолжетімділігі бойынша талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік объектілер анықталды", - дейді ведомстводағылар.

Анықталған заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

© Photo : Pixabay / Shutterbug75

Қазақпарат