Атырау мен Оралға 50 вагонмен ауыр техника жөнелтілді

Атырау мен Оралға 50 вагонмен ауыр техника жөнелтілді
фото: © Photo : ҚТЖ баспасөз қызметі

Алматыдан Атырау мен Оралға 50 вагонмен ауыр арнайы техника және нығайтқыш материалдар жөнелтілді, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

"Теміржол арқылы самосвалдар, өрт сөндіру машиналары, су тасушылар, алдыңғы жүк көтергіштер, сондай-ақ ағаш, сым, шегелер жеткізіледі", - деп жазылған хабарламада.

Компанияның мәліметінше теміржол бөлімшелерінің барлық қызметі өз күшін жүкті жедел және қауіпсіз жеткізуге бағыттады.

ҚазАқпарат