Атамекенге келтірмейтін артық құжат

Атамекенге келтірмейтін артық құжат

Атамекенге келтірмейтін артық құжат

Қазақстанға көшіп келуші қандастардың саны азайып барады. Әсіресе, Қытайдан қоныс аударатын қазақ саны азайғанын сарапшылар Шыңжаңдағы мұсылмандарға көрсетіліп жатқан қысымнан бөлек елдегі заңның өзгеруімен де байланыстырып отыр.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Сөйтіп, заңның кейбір құқықтық – нормативтік актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Бүгінде шетелдегі қазақтармен байланыс жасап, олардың ата­жұртқа оралуына кең жол ашу мақсатында құрылған «Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шеттегі ағайындармен ұдайы байланыс жасап келеді екен. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыс орнатылған. Қор жанынан елге көшіп келген қандастардың жаңа ортаға бейімделуі үшін жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығы мен Қоғамдық қабылдау фронт кеңселері де аймақтарда жұмыс істеп тұр. Кеңсе мамандары елге келген қандастарға қажетті нормативті-құқықтық актілер бойынша ақпараттық және консультативтік кеңес беріп, туындаған мәселелердің нақты шешілуіне қолдау көрсетіп келеді. Алайда арғы жылдарға қарағанда шетелден келетін қандастардың саны күрт төмендеген. Мәселен, ресми статистика бойынша, кейінгі жылдары Қытайдан келетін қазақтардың саны азайып барады. Сарапшылар мұны Шыңжаңдағы жағдай мен көші-қон заңының өзгеруімен байланыстырады. Алайда елімізге сырттан көшіп келуші қазақтар санының азаюы Қытай қысымынан бұрын-ақ байқалды.

Мәселен, 2012 жылы 39 401 адам ата­мекеніне қоныс аударса, 2016 жылы 33 000 адам Отанына оралған. Ал 2017 жылы – 18 605, 2018 жылы – 14 541, 2019 жылы – 17 661, 2020 жылы 13 046 адам Қазақстанға көшіп келген. Соның ішінде 2012 жылы 11 мыңға жуық қандас Қытайдан келсе, былтыр көрші елден 6 925 қазақ атамекенге оралыпты. Былтыр қаңтар-мамыр айында 3 450 қазақ қоныс аударған болса, осы жылдың бес айында Қытайдан 661 қандас көшіп келген.

Соңғы жылдары Қытайдан келетіндер азайып, Өзбекстаннан келетін қандастардың  қатары көбейген.

 

Жадыра МҮСІЛІМ

 

 Мәтіндегі ақпарат туралы