Ата-анасына ашуланған әйел баласын жазалаған

Ата-анасына ашуланған әйел баласын жазалаған
фото: newtimes.kz

 «Инстаграм» әлеуметтік желісін бақылау барысында белгісіз әйелдің кішкентай қыздың аузы мен қолын таңып, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы мектептердің бірінің маңында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың аумағына алып кеткені туралы бейне табылды.

 Бұл бейне әлеуметтік желіде 19.07.2023 жарияланған. Аталған дерек 20 шілдесі  Жамбыл аудандық ПБ СТБТ-не тіркелді.

 Тергеу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол – Қарғалы ауылының тұрғыны 1999 жылы туған Т.есімді азаматша.

 «Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекетіне біздің заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», - деді, полковник Әленов.

 Ол мұндай әрекетке зардап шеккен қыздың ата-анасын ұнатпағандықтан барғаны белгілі болды.  Олар ашынған әйелге белгілі бір мөлшерде қарыз болып қалған, бірақ ақшаны  қайтармаған.

 «Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.  Күдікті ұсталып, белгіленген тәртіппен уақытша ұстау үшін арнайы полиция бөлімшесіне жіберілді», - деді, Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

 Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Фото newtimes.kz