фото: pixabay.com Читайте больше: https://www.nur.kz/leisure/interesting-facts/2029849-kult-konya-pochemu-imenno-eto-zhivotnoe-schitaetsya-glavnym-u-kazahov/
Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев спорт бағытындағы қазақы жылқы санын көбейту бағытындағы заң жобасын талқылау кезінде жылқы шаруашылығындағы елеусіз қалып келе жатқан мәселелерді қозғады.
«Ат спорты индустриясын дамыту бағытында білім саласындағы заңға да өзгеріс енгізуіміз керек. Себебі ат спортында біз ғылымсыз ешқандай жетістікке жете алмаймыз. Мамандар тәрбиелеу мәселесі, бапкер мен шабандоз дайындау мәселесі бар. Шабандоз балалар салмағы 40 келіден асқаннан кейін ешкімге керексіз болып қалады. Әрі қарай оларды ат спортының маманы ретінде дайындау мәселесі көлеңкеде қалып келеді», - деді депутат.
Сондай ақ ол заң аясында жалпы спорт бағытындағы жылқы шаруашылығын тұтас дамытуға назар аударылу керек деген ұсыныс айтты.
«Ат спортын дамытамыз дейміз, оны тағалайтын мамандар да дайындалмайды. Елде ат әбзелдерін жасайтын ұсталар жоқ. Ер мен жүгеннен бастап бүкіл әбзелді Ресейден әкелеміз. Ат тағалайтын шегенің өзін шетелден аламыз. Сарапшылар ат индустриясының көлеңкелі айналымында 500 млн долларға жуық қаражат жүргенін айтады. Заң жобасына соның бәрін көлеңкеден шығаратындай нормалар енгізілсе деген ой бар. Заң аясында қазақи тұқымды жылқыға қолдау білдіргеніміз дұрыс. Алайда заң аясында жалпы спорт бағытындағы жылқы шаруашылығын тұтас дамытуға назар аударылса деген ұсыныс бар», - деді Қазыбек Әлішев.
Дереккөз inform.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через