Елімізде «Ашық аспан» режимі 2027 жылдың соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Бұл тәртіп қазақстандық әуекомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік әуекомпанияларға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін беруді көздейді.
«Ашық аспан» режимі еліміздегі ірі қалалардың 12 халықаралық әуежайында қолданылды.
Бұл шара жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық бағыттарды ашуға, әуебилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға ықпал етеді.
Фото: inbusiness.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через