Астрологтар ең бай жұлдыз белгісін атады

Астрологтар ең бай жұлдыз белгісін атады

       Аталған жұлдыз белгісі өкілдері еңбекқорлығы мен үнемшілдігінің арқасында байлыққа кенеледі.

       Әрине, қаржы ахуалы, бай-бақуатты болу көбіне адамның еңбекқорлығына, әлеуметтік белсенділігіне және сәттілікке байланысты. Алайда, астрологтардың пікірінше, адам әмиянындағы ақшаның аз-көбіне туылған жұлдыз белгісі де ықпал етеді.

       Мамандардың ойынша, қаржы тұрғысында ең төмен табысты жұлдыз белгісі – Мергендер. Бұл жұлдыз белгісі өкілдеріне қандайда бір себепті үнемі ақша жетпей жүреді.

       Ал бұл қатарда екінші орынды еншілейтін – Суқұйғыштар. Олар өздері көп ақша табуға талпынбайды.

       Мұнан кейінгі орын ақшаны үнеммен жұмсауды білмейтін Балықтарға беріледі.

       Тоғызыншы орыннан ақшаны ұнатпайтын, қолдың кірі санайтын, бақыт ақшада емес деп білетін Таразылар көрінеді. Алайда олар ара-тұра қымбат киім, бұйымдармен көзге түсуден кетары емес.

       Онан соңғы орынды «үнем» ұығымын таңсық көретін Егіздер мен үнемі кедейлікте жүретін Торпақтар алады.

       Алтыншы орынды Арыстандар иемденеді. Қаржы тұрғысынан қарағанда, олар – табысты, жолы болғыш жандар. Бұл жұлдыз белгісі өкілдері үшін ақша – айналасындағыларға ыпал етіп, өктемдік жүргізу құралы.

       Байлардың бестігін ақша табу жолын білетін, бірақ тапқанын қажетсіз заттарға жұмсайтын Шаяндар ашады. Астрологтар төртінші орынды Тоқтыларға береді. Олар кей-кейде ақшаға байланысты құйтырқы істерге араласқанымен, жолы болғыштығының арқасында құрдымға кеткен емес.

       Көшбасшылар үштігін ақшаны көп тауып, аз жұмсайтын Тауешкілер бастайды.

       Байлар арасындағы екінші орын Сарышаяндарға тиесілі. Олар қаржы жағдайын жақсарту үшін барлығына дайын.

       Десе де рейтинг шыңынан орын алған – Бикештер. Аталған жұлдыз белгісі өкілдері еңбекқорлығы мен үнемшілдігінің арқасында байлыққа кенеледі.

       SN.KZ