Астаналықтар автобустарда жол ақысын банк картасымен төлей алады

Астаналықтар автобустарда жол ақысын банк картасымен төлей алады

Астаналықтар автобустарда жол ақысын банк картасымен төлей алады

Әзірге жоба кейбір бағыттарда пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда жоба барлық елордалық көлікке таратылады.

18 қазаннан бастап Нұр-сұлтан қаласында бірнеше қоғамдық көлік маршруттарында жол жүру ақысын кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен төлеу іске қосылды.

Елордалық City Transportation Systems көлік компаниясының ақпараты бойынша, жаңа енгізілім пилоттық режимде жұмыс істейді және 31 қазанға дейін жалғасады.

"VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция жүргізу үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тіркеу жеткілікті", - деп хабарлады компания.

Пилоттық жоба қалалық бағыттағы №61 және қала маңындағы үш - №309, 310, 315 автобустарда іске қосылады. Олар арнайы сәйкестендіру жапсырмаларымен ерекшеленеді.

Банк картасымен төлеу кезіндегі жол жүру құны өзгеріссіз  90 теңге болып қала береді.

Көлік компаниясы пилоттық жоба барлық бағыттарда толыққанды масштабтау алдында түрлі жеткізушілердің банк картасымен жол жүру ақысын төлеу валидаторларын тексеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазір елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікте жол жүру ақысын көлік карталары немесе QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлей алады. Жол жүру құны-90 теңге, мектеп оқушылары үшін автобустарда жүру тегін.

 

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы