фото: Фото: Павлодар облысы бойынша ҚАЖД
Елорданың 34 жастағы тұрғыны абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан жолдасымен ұзақ мерзімді кездесуге келді.
– Азық-түлік сөмкесін тексеру кезінде алты пластикалық сусын бөтелкелері табылды, олардың ішінде насыбай болды. Сондай-ақ, мұқият тексеру кезінде 5135 теңге көлемінде қолма-қол ақша және флеш-карта тәркіленді. Тексеру кезінде барлық келушілерге тыйым салынған заттарды алып жүру жауапкершілігі туралы ескертеміз, сондай-ақ олармен әңгімелер жүргіземіз. Алайда, жүргізілген шараларға қарамастан, мұндай фактілер орын алып тұрады, – дейді №45 колония бастығы Қуаныш Қойшыбаев.
Әйелге қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот отырысы барысында ол кінәсін толық мойындады. Оған қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен ескерту жасалды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через