Фото: zubbolinet.ru
Астанада тісі ауырған әйел стоматологтың үстінен шағымданды. Бұл туралы Aikyn.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Астана тұрғыны қалалық №6 емхананың тіс дәрігерінің салғырттығынан жапа шеккен. Instagram-дағы zhaloby.astana парақшасында екі жыл бұрын тісін №6 қалалық емханада емдеткені турады жазба жариялады.
Алайда соңғы кездері емдеткен тісі ауырып маза бермеген соң, басқа дәрігерге көрініп, тісін рентгенге түсірген.
«Екі жыл бұрын Астана қаласының №6 поликлиника стоматологына тісімді емдеттім. Соңғы айларда сол тісім мазалап қайта ауыртқан соң рентгенте түсірдім. Тісімді емдеу барысында тіс түбірінің ішінде 1 инструмент қалып кеткенін көрдік, оның бетін пломбамен жауып қоя салған екен», – дейді әйел.
Пациент емхананың тіс дәрігеріне болған жайтты айтып, оның ұялы телефонына хабарлама жіберген. Әйелдің айтуынша, дәрігер өз қателігін мойындап отыр. Алайда ешқандай көмек көрсетпеген.
«Ешқандай реакция жоқ. Бұл тісті емдетуге, сүйекте жатқан инструментті алу үшін операция істелу қажет екен. Моральдық зиянды талап етуді сұраймын. Дәрігерге хабарлассам, телефон тұтқасын көтермейді. Жазсам, жауап бермейді. Емхана басшылығынан жауап күтемін», – дейді зардап шеккен әйел.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через