Астанадан шыққан FlyArystan ұшағы Атырауда қонуға мәжбүр болды

Астанадан шыққан FlyArystan ұшағы Атырауда қонуға мәжбүр болды
фото: sputnik.kz

© Photo : Пресс-служба Комитета гражданской авиации

Астанадан Ақтауға ұшқан жолаушылар ұшағы Атырауда қонуға мәжбүр болды.

Ресми мәліметке сәйкес, 8 мамырда сағат 23:30-да КС7375 "Астана-Ақтау" рейсін орындаған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырауда қонды. Рейстің уақыты 9 мамырға жергілікті уақыты бойынша сағат 06:40-қа белгіленді.

FlyArystan Атырауда мәжбүрлі түрде қонғанын мәлімдеді. Соған қарамастан осы рейстің жолаушыларына барлық қолдау шарасы ұсынылды. Атап айтқанда, екі сағаттан артық кешігу болса, алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электронды пошта хабарламасын жіберу қызметі қарастырылған.

Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ, ал бес сағаттан көп күтсе, бір рет тегін билеттің уақытын өзгертуге мүмкіндік беріледі.

"Біз ауа райының қолайсыздығы жолаушылардың жоспарына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуе компаниясы барлық рейсті уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз", - дейді компания мамандары.

Қазақпарат