Астанадағы LRT жүйесінің қашан іске қосылатыны белгілі болды

Астанадағы LRT жүйесінің қашан іске қосылатыны белгілі болды
фото: Stan.kz

       LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты. 

       LRT жүйесінің қашан іске қосылатынын CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында мәлімдеді.

       “LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген. Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның құны 1 млрд 152 млн доллар немесе 61% болатын алғашқы іске қосу кешенінде 8 станцияны толық аяқтау көзделген. Екінші іске қосу кешенінің құны 735 млн долларды құрайды, яғни 10 станция пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Уақтылы қаржыландырылса 2026 жылға дейін жобаның құрылысы аяқталады”, – деді Ғани Тәжиев.

       Ұзақ жылдарға созылған атышулы құрылыстың жалпы құны – 1 миллиард 888 миллион.

       Stan.kz