Мемлекет

Бөлісу

Астанадағы 6 мектепте мұғалімдер жалған дипломмен жұмыс істеген

Астанадағы  6  мектепте  мұғалімдер  жалған  дипломмен жұмыс істеген

Астана  қаласының  прокуратурасы  елорданың  білім  беру ұйымдарына  тексеріс  жүргізіп,  бірнеше  мұғалім  жалған  дипломды пайдаланғанын  анықтады.

"Атап  айтқанда,  жұмысқа  орналасу  кезінде  6  мектептің  мұғалімдері  жалған  дипломды  ұсынып,  балаларды  оқыту  құқығына ие  болған", - деп  хабарлады  прокуратура.

Тексеріс  барысында  Қылмыстық  кодекстің  385-бабының  3-бөлігі, яғни  көрінеу  жалған  құжатты   пайдалану  бойынша  сотқа  дейінгі тергеп-тексеру  басталды.

Аталған тұлғалардың педагогикалық қызметі тоқтатылды.

Қазақпарат

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через