Астанада жаңа мешіт ашылды

Астанада жаңа мешіт ашылды
фото: https://sputnik.kz

Елордада жаңа мешіт салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Мешіт Нарықбаев көшесінің бойында Мұхамедханов көшесі мен Қорғалжын тасжолының аралығында орналасқан. Ол Әл-Фаттах деп аталды.

Ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы сөз сөйлеп, жамағатты жаңа мешіттің бой көтеруімен құттықтады.

Мешітке 500 адамға дейін сияды, намазхана, дәрісхана, имам бөлмелері мен Құран оқу бөлмесі бар.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, мешіт қазақстандық демеушілердің қаражатына салынған. Бұл - елордадағы он бесінші мешіт.

Қазақпарат