фото: казинформ
Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумы басталды.
Кешеден бері өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына әлемнің 34 елінен 140-тан астам ерікті қатысып жатыр. Сондай-ақ 50-ге жуық шетелдік спикер келді.
Айта кетейік, кейінгі үш жылда елімізде волонтерлердің саны үш есе көбейді. Мысалы, 2019 жылы волонтерлік ұйымдардың саны 50-ден астам болса, қазіргі таңда 680-ге жетіп отыр. Сонымен бірге волонтерлердің саны 2019 жылы 50 мың болса, қазір республика бойынша волонтерлер саны 200 мыңнан асады.
Форумның негізгі мақсаты – волонтерлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыру.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через