Астанада салық төлемеген жүргізушілердің автокөлігі тәркіленіп жатыр

Астанада салық төлемеген жүргізушілердің автокөлігі тәркіленіп жатыр
фото: sputnik.kz

Астананың мемлекеттік кірістер департаменті полициямен бірлесіп автокөлік үшін салық берешегін өндіріп алу бойынша "Борышкер" жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр.

МКД ақпаратынша, бүгінгі таңда жеке тұлғалардың көлікке салынатын салық бойынша берешегі 2,1 млрд теңгені құрайды. Рейдтік шараларды өткізу барысында 97 млн теңге өндірілді.

"Рейд өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ден асатын 20-дан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды", - деп хабарлайды Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Алдағы уақытта бұл шара жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасады.

Азаматтар салық қарызының бар-жоғын kgd.gov.kz сайты, "e-Salyq Azamat" және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексере алады.

Қазақпарат