фото: Бақ кз
20 қазан – Халықаралық аспаздар күні ұйымдастырылған байқаудың мән-маңызы зор. Біріншіден, қатысушы студенттер практикалық қабілетін шыңдайды. Екіншіден, үміткерлер өзара тәжірибе алмасып, тағам пісіруде қиял мен сезімді ұштастырады.
Біздің колледжде 12 мамандық бойынша 1206 студент білім алады. Оның 395-і аспаз мамандығы бойынша білімін шыңдауда. Соңғы үш жылда 356 аспаз диплом алып, түрлі мейрамхана мен асханаға жұмысқа орналасты. Шыны керек, аспаз мамандығы бойынша білім алғандар жұмыссыз қалған емес, – деді іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған колледж директоры Салтанат Басығараева.
Биыл сервис және туризм колледжінде гүл өсіруші-флорист, ландшафт дизайнері сынды жаңа мамандыққа лицензия алып, тәлімгерлерге терең білім беруді жолға қойыпты.
«Үздік маман» жобасының үйлестірушісі Олжас Ғамитовтің сөзінше, аспаздан бөлек, тігінші, ағаш шебері, дөңгелек ауыстырушы, сантехник, дәнекерлеуші, шаштараз, бариста, флорист сынды мамандардың жарысы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
«Үздік аспаз-2023» байқауына 15 қатысушы келіпті. Олар 11 критерий бойынша сараланады. Бірінші тапсырма кезінде 40 минут ішінде салқын тағам дайындайды. Екінші тапсырма бойынша 1 сағат 20 минутта ыстық тағам дайындап, оны безендіруі мен ұсынуы есепке алынады.
Дәмді ас дайындауда адамның талғамы биік, өз-өзіне жоғары талап қоя білуі керек. Аспаздың тұздық пен дәмдеуіш мөлшерін қолдануы да маңызды. Ас пісіруге қажетті құралдарды өз орнымен пайдалану керек. Біз қатысушылар арасында үздікті анықтағанда осындай жайттарды бағалаймыз, – деді әділқазы алқасының мүшесі Әлия Боранбаева. World Skills ережесі бойынша өткен байқауда Кирилл Махов үздік аспаз атанды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через