Өмір сапасының әлемдік стандарттары
Автор: Оскенбай Кенже

Бөлісу

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді

8 қазанда Астана қаласында «EXPO» көрме орталығында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді. Шараға республиканың әр өңірінен үздік тауар өндірушілер жиналады.

Көрме-байқауды «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр.   Биылғы көрмеге 153 отандық кәсіпорын өз өнімдерін «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша ұсынады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары тауар өндірушілермен танысып және өндірушілердің өздері ұсынған бағада тауарларды төмен бағада сатып ала алады.

Конкурс дипломанттары "Қазақстанның Үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және дипломдарымен марапатталады.

Байқаудың өзі 2006 жылы ҚР Президенттің жарлығымен тағайындалып, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, отандық тауар өндірушілердің қызметін белсендіру, халық арасында сапа идеясын кеңінен танытуға бағытталып отыр. 

 «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы 8 қазанда Астана қаласындағы «EXPO» көрме орталығында сағат 10.00-18.00 аралығында өтеді.

Фото: atameken.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через