Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр

Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр
 
         Елорда өнеркәсібінің үлесін өңдеу өндірісі секторы алады – 91%. Қала кәсіпорындарында жыл сайын өндіріс пен экспорт көлемі өсіп келеді.
 
 

         Өнеркәсіп орындарының дамуы туралы онлайн-брифингте «Astana Invest» арнайы экономикалық аймақтарды дамыту департаментінің директоры Дияр Асқаров айтып берді.

         Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астанада өткен жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 101,7% нақты көлем индексімен 1,9 трлн теңгеге дейін өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 101,2%-бен 1,7 трлн теңгеге өнім өндірілді. Ал елорда өнеркәсібінің жалпы көлемінің 91% құрайды. Электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптау кәсіпорындары 7,6%, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау – 1,3% құрайды.

         Елордадағы өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының қатарына металлургия, машина жасау, сусындар, резеңке, пластмасса, өзге де металл емес минералдық өнімдер, тамақ өнімдері жатады.

2025 жылға дейін қаланың жалпы өңірлік өнімін (ЖӨӨ) 10%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда осы жылдың 1 жартыжылдығында қаланың ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9,4%-ы құрады. Елорданың өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 2022 жылдың қаңтар-тамызында 1,7 млрд АҚШ долларын құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті, - деді Дияр Асқаров.

BAQ.KZ