фото: sputnik.kz
Елордада көктайғаққа байланысты жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.
Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр және жолдарда көктайғақ болмау үшін барлық шара қабылданып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
"Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі", - деп жазылған хабарламада.
"Қазгидромет" РМК дерегі бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.
Әкімдік қоғамдық көлік қозғалысында іркіліс болатынын ескертті.
Ауа райының күрт суытуына байланысты 5 желтоқсанда 0-11 сынып оқушылары мен бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуға шақырды.
Қаз Ақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через